Тараз қаласында мүгедектерге арналған арнайы шомылу орны ашылады

1074

Тараз қаласында мүгедектерге арналған арнайы шомылу орны ашылады

"Зербұлақ" демалыс аймағынан мүгедектерге арналған арнайы шомылу орнын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет қалалық мәслихат депутаттарының алдында берген бүгінгі есебінде айтты, деп хабарлайды "ZhambylNews" ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың күз мезгілінде 2016-2017 жылдарға арналған елді мекендерді көгалдандыру арқылы жасыл белдеулер жасаудың іс-шара жоспарына сәйкес, 65 га жер теліміне жасыл белдеулерді құру үшін 75 мың жасыл желектер отырғызу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін мәселелердің бірі қураған және апатты талдарды  кесу болып табылады. Сонымен бірге, қалалық саябақтардың мәртебесін белгілеу, талдарды есепке алу, санитарлық жою, компенсациялық көгалдандыру және қураған жасыл желектердің орнына жаңа көшеттерді отырғызу мәселелерін алғашқы кезде қолға алуымызды қажет етеді. Осы мәселелерді шешу мақсатында жасыл желектерді есепке алып, дендрологиялық жобасын әзірлеу үшін бюджет есебінен 8,4 миллион теңге бөлінді. Болашақта көгалдандыру жұмыстары міндетті түрде осы жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу