Тараз қаласында үшем дүниеге келді

194

Үшемдерге Сайдали, Бейбарыс, Милат деген ерекше есімдер берілді.

Тараз қаласында үшем дүниеге келді Фото: Жамбыл облысы ДБ

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны Саида Абитова үшемдерді дүниеге әкелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сәбилердің салмағы 1580,0, 1566,0 екі ұл және 1830,0 грамм болатын қыз баланың денсаулықтары жақсы. Алғашқы 24 сағат ішінде жаңа туған нәрестелерге қарқынды терапия тағайындалып, нәрестелер неонатология бөлімінде анасымен бірге болды.

Облыстық перинаталдық орталық мамандары атап өткендей, жаңа туған анаға нәрестелерді күту, шомылдыру, ана сүтімен тамақтандыру және басқалары үйретілді. Сәбилер бүгінде біраз салмақ қосып, әлдене бастады.

Үшемдерге Сайдали, Бейбарыс, Милат деген ерекше есімдер берілді.
Бақытты ана мен балалар бүгін үйлеріне шығарылды. Мерекелік шығару рәсімін анасы тіркелген "Жансая емханасы" ұжымы ұйымдастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу