Тараз қаласында жаңа екі мөлтек ауданның құрылысы жүріп жатыр

1371

Аталған аудандарда "7-20-25" бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылысы басталған.

Тараз қаласында жаңа екі мөлтек ауданның құрылысы жүріп жатыр

Тараз қаласында қажетті инфрақұрылым тартылған  жаңа екі мөлтек ауданының құрылысы  жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов баяндады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Аталған аудандарда "7-20-25" бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы - 25 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылатын болады. Жалпы, Тараз қаласында 686 пәтер бағдарлама аясында азаматтарға ұсыну үшін дайын.     

Облыс басшысының айтуынша, "7-20-25" кредиттеу бағдарламасы аясында әкімдік пен Ұлттық банкінің филиалы, бағдарламаға қатысушы банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген.

"Облыста бір пәтерге ең жоғарғы заем сомасы орта есеппен 12,0 млн  теңге болса, бір айға төлемақысы 85 мың теңге, ал ең төменгі 5 млн теңге несиеге айлық төлемақы 35 мың теңгені құрайды (10 млн.-71 мың теңге, 7  млн -51 мың теңге).  "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" филиалында бүгінде 44 648 салымшыдан 10 млрд теңге жиналды. Ипотекалық несиенің алғашқы жарнасының 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардың саны 3 есеге артты,- деді Асқар Исабекұлы.

Жалпы, өңірде 10 айда "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" филиалы арқылы 5,7 млрд теңгені құрайтын 768 несие берілді. "7-20-25" бағдарламасының шарттарымен екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 284,5 млн теңгеге 34 өтініш қолдау тапқан.

Келесі жылға облыста 465 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. (өсім 8% құрайды - болжамды көрсеткіш). Жоспарда бюджет есебінен 28 көппәтерлі тұрғын үйдің (20 кредиттік үй  - 1 380 пәтер, 78 050 м2,  8 арендалық үй - 585 пәтер, 36 319м2) және 6 жаңа алқаптың инженерлік инфрақұрылымның құрылыстары бар.  Соның ішінде, 20 үйді (1380 пәтер) "7-20-25" бағдарлама аясында тұрғындарға беру көзделіп отыр.  Биылғы жылға 720 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үй құрылысын бастауға бағалы қағаздар есебінен қосымша 725 млн теңге бөлінді.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу