Тараз қаласындағы 300 көшеге жаңа атау беру ұсынылды

1582

Тараз қаласындағы 300 көшеге жаңа атау беру ұсынылды

Облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде баяндама жасаған тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ. Боранбаева Тараз қаласында 300-ден астам көшенің атауын ауыстыру керектігін айтты, деп хабарлайды zhambylnews.kz.

Басқарма басшысының айтуы бойынша, өткен жылы Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес жекелеген тұлғалардың есімдерін ұлықтау мақсатында мерейтойлары аталып өтілетін Ыбырай Алтынсарин, Әлихан Бөкейханов, Қайым Мұхамедханов, Кәукен Кенжетаев, Хамит Ерғалиев, Баубек Бұлқышев секілді тұлғалардың есімдері мен  топонимикалық жер-су атауларын беруге мүмкіндік берілген екен. Нәтижесінде, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 71 көшеге жаңа атау берілген. Атап айтқанда, Жамбыл ауданынан 17 көшеге, Қордай ауданынан 50 көшеге, Т.Рысқұлов ауданынан 1 көшеге және Талас ауданынан 3 көше жаңа атау алған. Алайда, Байзақ, Мойынқұм, Жуалы, Сарысу, Шу аудандары  мен Тараз қаласынан ұсыныстар түспеген көрінеді.

"Жалпы, қазіргі таңда Тараз қаласында қайта атауды қажет ететін көшелер саны 300-ден астам болғанына қарамастан 2015 жылы тек 3 жаңа көшеге атаулар берілсе, 2016 жылы атау мүлдем берілмеді. Ал, биыл 25 жаңа көше мен екі ықшамаудан және бір шағын ауданға атау беру туралы ұсыныс түсті. Аталған ұсыныс 2017 жылы басқармаға кешіктіріліп жолдануына байланысты Республикалық ономастика комиссиясына жолданбады. Бұл олқылық жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып отыр", – деген Ғалия Бектенқызы шаһар басшылығына аталған мәселеге көңіл бөлу қажет екенін еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу