Тараз қаласының әкімі қызметінен кететінін хабарлады

523

Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып өткен жылдың наурыз айында тағайындалған болатын.

Тараз қаласының әкімі қызметінен кететінін хабарлады

"Сенім артылған соң, еліміздің кез-келген өңірінде мемлекеттік саясатты іске асыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Алайда сол міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол – заңдылық. Сондықтан мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесінен өттім", – деп жаза келе әкім Жамбыл облысында қызмет еткен жылдарына тоқталды.

Айтуынша "осыдан тура 2,5 жыл бұрын Жаратқанның қалауымен қасиетті Әулиеата жеріне жұмыс ауыстырған". 1 жылдан аса облыс әкімінің орынбасары ретінде 9 басқармаға жетекшілік етіп, "Қордай оқиғасынан соң тұрақтылықты қалыптастыру, әлемді жайлаған пандемиямен күрес, елімізде бұрын-соңды болмаған жаппай білім беруді онлайн форматқа ауыстыру сияқты аса жауапты кезеңде күні-түні еңбек еткен".

Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып өткен жылдың наурыз айында тағайындалған болатын.

"400 мыңнан астам тұрғыны бар облыс орталығына басшы болу – халықтың әл-ауқатын жақсарту, сан-салаға серпін беру, қаланы көркейту, халық сенімінен шығу сияқты міндеттерді жүктеді. 1,5 жылға жуық уақыт аралығында атқарған жұмыстарымыз тараздықтардың көз алдында болды. Оның бағасын халықтың өзі бере жатар. Ең бастысы – әрбір жоспарымызда, басымдық берген бағыттарымызда тұрғындардың сұранысы мен қоғамның пікірі ескеріліп отырды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын барынша іске асыруға тырыстық. Халық санағы, жалпыхалықтық Референдум сияқты республикалық науқандарды абыроймен атқардық", – деп жазған Ержан Жылқыбаев сеніп артып, қолдау білдіргендерге алғысын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу