Тараз қаласының әкімі лауазымынан босатылды

1916

Президент облыс әкімі Асқар Мырзахметовке ескерту жасады.  

Тараз қаласының әкімі лауазымынан босатылды

Қайрат Досаев Тараз қаласының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Тараз қаласындағы мектепте орын алған оқыс оқиғаға байланысты және өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тараз қаласының әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев 2019 жылғы 21 қарашадан атқарып отырған лауазымынан босатылды", деолінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Тараз қаласы әкімінің міндетін уақытша атқару Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Керімбекұлы Жанбосыновқа жүктелді.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін қала әкімін қызметінен босатуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу