"Қазгидромет" 11 шілдеде Тараз қаласының ауа сапасы туралы ақпарат таратып, ауа ластануының көтеріңкі деңгейі қалқыма бөлшектер, азот диоксиді, күкіртті сутегі есебінен болғанын хабарлаған еді. Халыққа қолжетімді AirKZ мобильді қосымшасында бұл ақпарат әртүрлі түспен берілген. Қосымшадағы ашық сары түс ауа ластануының көтеріңкі деңгейін білдіреді. Тараз қаласында ауа райы жауын-шашынсыз. Желдің жылдамығы таңертең секундына 0-ден 3 метрге дейін, кешке уақытта секундына 2-ден 9 метрге дейін болды. Күндізгі максималды ауа температурасы +32 градусқа жетті", – деді ол.
Осы ретте департамент директоры 12 шілде күні таңертеңгі 08-00-де "Қазгидромет" тағы ақпарат жариялап, онда ауа ластануының деңгейі қалқыма бөлшектер есебінен көтеріңкі екенін мәлімдегенін атап өтті.
"Бұған дейін берілген ақпаратта ешқандай қателік жоқ және дерекке ешқандай түзету енгізілген жоқ. 12 шілде күні таңертең қалқыма бөлшектерден басқа консентраттардың азаюы ауаның жерге жақын қабатында ауа алмасуы және желдің әсерінен консентрацияның таралуынан болуы мүмкін", – деді Айнұр Ортбаева.
Естеріңізге сала кетсек, 11 шілде күні Тараз қаласында "Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар ЖШС Жамбыл филиалы күкірт қышқылы цехында авариялық жағдай орын алған болатын.