Тараз қаласының шегіне бірқатар жерлер қосылды

165

Үкімет "Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" 2024 жылғы 29 қарашадағы қаулыны бекітті, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Тараз қаласының шегіне бірқатар жерлер қосылды Фото: Максат Шагырбаев

Құжатта:

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Байзақ және Жамбыл аудандарының жалпы ауданы 12 906,7 гектар болатын жерінің бір бөлігін қосу арқылы Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы "Жамбыл облысы Тараз қаласының, Жамбыл және Байзақ аудандарының шекараларын өзгерту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 17-5 бірлескен шешіміне және Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 243 қаулысына келісім берілсін.

  • Жамбыл ауданы Жамбыл, Қаратөбе, Гродеково, Қарой, Бесағаш, Полатқосшы, Ақбұлым ауылдық округтерінің жерінен қосылатын жер көлемі - 11 145,5 гектар.
  • Та­раз қа­ла­сы­ның ше­ка­ра­сы­на (ше­гіне) Бай­зақ ауда­ны Қо­стө­бе, Бо­та­мой­нақ, Қы­зы­л­жұл­дыз, Бу­рыл ауыл­дық округ­те­рі­нің же­рі­нен қо­сы­ла­тын жер кө­ле­мі - 1 761,2014 гектар.

Нәтижесінде қазір Тараздың жалпы ауданы 31 693,7 га (18 787 га болған) құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу