Тараз мектептерінің біріне "террористер шабуылдады"

509

Оқу орнынан 750 адам эвакуацияланды.

Тараз мектептерінің біріне "террористер шабуылдады" Фото: pexels

Таразда 11 жастағы бала әзілдеймін деп, әпкесінің телефонынан полицияға қоңырау шалып, лаңкестердің мектепке шабуыл жасағаны туралы хабарлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоңырау түскен бойда барлық шұғыл қызметтер көрсетілген мекенжайға тез арада жетті. Оқу орнынан 750 адам эвакуацияланды.

Полиция қызметкерлері бүкіл ғимаратты және оған іргелес аумақты толық тексерді. Тексеру нәтижесінде қандай да бір заттар мен бөгде адамдар анықталған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында тәртіп сақшылары бұрын осы мектепте оқыған кәмелетке толмаған баланы анықтады. Психологтың, ата-анасының және мұғалімнің қатысуымен жүргізілген әңгімелесуде кәмелетке толмаған бала әпкесінің ұялы телефонынан қоңырау шалып, қалжыңдамақ болғанын жеткізген.

Осы факті бойынша ҚК-нің 273-бабымен “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау” сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ретте терроризм актісі туралы жалған хабарламалар таратқаны үшін жаза өте қатаң екенін ескертеміз, бұл бес мың АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы. Егер қылмысты кәмелетке толмаған бала жасаса, жауапкершілік оның ата-анасына немесе заңды өкіліне жүктеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу