Тараз қаласынан шыққан автокөліктер мен автобустар ілескен 70-ке жуық түйе мен атты керуен Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне жол тартты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Ежелгі Тараз қаласынан Астанаға сапар "Көне Тараз" тарихи-археологиялық кешені жанындағы Жамбыл Жабаев алаңынан басталды. Аталмыш шара "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі мен 26-30 шілде күндері Астана қаласында өтетін Жамбыл облысының мәдени күндері аясында өткізілмекші. Керуен 25 жүк артылған түйе, 46 ат және айдаушылары, 10 жүк машинасы мен 3 автобустан тұрады. Облыстың мәдени күндеріне қатысу үшін Астанаға мәдениет қызметкерлері, дәрігерлер, ЖП және ТЖ қызметкерлерінен тұратын 150 адам жолға шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу