Тараз теміржол вокзалының бас ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

1047

Станция 1986 жылы салынған. Мұнда соңғы рет жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілген. 

Тараз теміржол вокзалының бас ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

 

Теміржол вокзалы ғимаратын қайта жаңғыртуға 237,0 млн теңге жұмсалған, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі қабатты ғимараттың шатыры, қасбеті жаңартылып, терезелері мен есіктері жаңадан орнатылған. Су құбыры, кәріз және жылу жүйелері де ауыстырылған.

Ғимараттың заманауи жобасы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен бекітілген. Жергілікті сәулетшілер ғимараттың қабырғаларын көркем суреттермен безендірген. Сондай-ақ, жаңа билет кассалары орнатылған. Вокзал заманауи бейне-бақылау жүйесімен жабдықталған (барлығы 74 камера).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу