Тараз түбіндегі жарылыс: қаза тапқандарға неге әртүрлі марапат берілді

1132

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильи Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандарға неге әр түрлі марапат берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 Тараз түбіндегі жарылыс: қаза тапқандарға неге әртүрлі марапат берілді

Алдымен ведомство басшысы жарылыстан қаза тапқан қызметкерлердің отбасына көңіл айтты.

"Соңғы дерек бойынша 13 адам қаза тапты. Олардың денесі табылды. Өкінішке қарай үш адамның денесі табылғанымен олардың кім екені анықталған жоқ. Жарылыс ошағында болған тағы 3 адамды іздеп жатырмыз. Мемлекет басшысының Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің бірқатар қызметкері ғана марапатталды. Қалған қызметкерлерді ДНҚ сараптамасы бойынша анықтап, денелері табылғаннан кейін қосымша мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынамыз", - деді министр. 

Юрий Ильи тәртіп бойынша бірінші дәрежелі "Айбын" орденімен қайтыс болған офицерлер құрамы, үшінші дәрежелі "Айбын" орденімен қатардағы құрам сарбаздары марапатталғанын атап өтті.

Ол Мемлекет басшысына қызметкерлердің ерлігін жоғары бағалағаны үшін алғыс білдірді.

"Өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары "Халық қаһарманы" атағын алды. Ол алғашқы жарылыс болған кезде өрт сөндіруді, эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастыруды басқарды. Оқиға орнынан құтқарылған қызметкерлерді қосқанда, ол бірнеше адамды қауіпті жерден алып шықты. Кейін ол екінші жойқын жарылыс салдарынан қаза тапты", - деді Юрий Ильи.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу