Тараз тұрғындары туу туралы куәлікті 3 айдан бері ала алмай жүр

850

Тараздық АХАТ бөлімі жыл бітпей жатып 10 мыңға жуық  құжатты табыстап үлгердік дейді. Тапшылық соңғы 2 айда туындапты. Ал туу куәлік соңынан жүріп, әуре-сарсаңға түскен бұқара енді тиісті төлемнен қағыламыз ба деп қорқады. 

Тараз тұрғындары туу туралы куәлікті 3 айдан бері ала алмай жүр

Бланкінің тапшылығын Ахат бөлімі растады. Қараша, желтоқсан былай тұрсын, тамызда туған сәбилердің құжаты енді беріле бастапты. Себебі, бұрын ауданнан ғана құжат рәсімдегендер, енді  бұл құжатты Тараздан алады. Тапшылыққа сол әсер етіпті.

"Сол үшін адам көбеюіне де байланысты куәліктер де жетіспейді. Жылдың басынан, наурыз айынан бастап осындай жағдай болып жатыр. Туу туралы куәліктер санаулы данада келді", деді Бақытнұр Тілеубекқызы.

Соңғы екі айда сәбилі болғандар куәлікті тек келер жылдың ақпан, наурыз айларында ала алады. Алайда, Әділет департаменті, шағым да, мәселе де жоқ деп қысқа қайырды.  

"Проблема жоқ. Енді нақты біздің әділет департаментіне келіп, шағым жасаған кісі болған жоқ. Ахат бөлімдері 

Түсіндірме жұмыстарын дұрыс жүргізбеген болу керек", дейді Жамбыл облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Шыңғыс Айнақұлов.

Куәліктің жоқтығынан әскери және теміржол саласында жұмыс істейтін ата-аналар жәрдемақыдан уақытша қағылмақ. Өйткені бұл маман иелері үшін метіркенің тұпнұсқасы талап етіледі.

Нұрлан Асқар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу