Тараз тұрғынынан аса ірі мөлшерде героин табылды

336

3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Тараз тұрғынынан аса ірі мөлшерде героин табылды Фото: polisia.kz

45 жастағы Тараз тұрғынынан аса ірі мөлшерде героин табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің Тараз қалалық прокуратураның бірлесуімен жүргізілді. Жеке тінту барысында күдіктінің киімінің қалтасынан 6 орам және үйін тінту кезінде тағы 10 орам – 1,065 грамм героин табылып, тәркіленді.

"Ұсталған адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді", – деді облыстық ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу