Таразда кросстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

1077

Таразда кросстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Тараз қаласында кроссқа жүгіру бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл дода жеңіл атлетикадан 2017 жылғы маусымдағы елішілік жарыстардың соңғысы. Осы жолы спортшылар үшін ауа-райы қолайлы болды. Жарысқа 84 спортшы қатысты. Үшеуі көрші Қырғызстаннан келіп өнер көрсетті. Олар бірақ конкурстан тыс жүгірді.

Ерлер арасындағы 12 шақырымдық қашықтықты бірінші болып, Шығыс Қазақстанның тумасы Андрей Лейменов кесіп өтті. 8 шақырымға жүгірген  әйелдер арасында Қостанайдан келген Татьяна Нерознак үздік шықты.

Ал бозбалалардан (2000-01 ж.ж) алматылық Ильхам Ерқабаев 4 шақырымды 13.32,2 минутта жүгіріп чемпион атанса, бойжеткендерден Риана Зейналова 2 шақырымды 7.24,9 минутта жүгіріп, жеңіске жетті.

Одан кіші, яғни 2002-03 жылдары туғандардың ішінде Алматы облысының спортшылары Владимир Епишев (6.45,4 мин) пен Аружан Рахымберлина (7.29,9 мин.) бірінші орынға ие болды.

1998-99 жылдары туғандар арасында Артем Чижевский 8 шақырымды 28.37,0 минутта жүгірсе, қыздар арасында 6 шақырымдық қашықтықты Светлана Саунина (Қызылорда) 26.06,3 минутта бағындырды.

Жалпы командалық есепте бірінші орын Алматы облысына бұйырса, екінші орынға Алматы қаласы тұрақтады. Үштіктің қатарында Қостанай облысы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу