Таразда 1 млрд теңгеге салынған мұражай қирап тұр

495

Ғимарат "Қазақ хандығының 550 жылдығында" ашылған.

Таразда 1 млрд теңгеге салынған мұражай қирап тұр Фото: Ашық дереккөзден

Таразда экс-президент Назарбаевтың қатысуымен ашылған 1 млрд теңгенің алып мұражайы 8 жылдан бері қаңырап, қирап тұр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Сау-тамтығы қалмаған музей "Қазақ хандығының 550 жылдығында" думандатып лентасы қиылған. Қаланың қақ ортасындағы мәдени қирандының жағдайын жыл бұрын арна тілшілері көтерген.  Алайда 12 ай өтсе де өзгерген түгі жоқ. Керісінше, жертөлесін су басып, талай қыш ыдыстар қоқыс күйінде жатыр. Кешен неліктен керек болмай тұр? Н

Сырты бүтін музейге іштей үңілсең тоз-тозы шыққан. Есігінде қара құлып. Кіруге мүлдем тыйым салынған. Апатты болғаны соншалық, қабырғасын түртсең, құлауға шақ. Төбесі әр жерден бір түскен. Ауланың көркі де көңіл көншітпейді. Шөп басқан. Нысан жарық пен жылудан да ажыратылыпты. Су жүйесі жарылып, қабырғалар көгерген. Музей маңында көне қалашық орны жатыр. Ол жерге кіріп-аралау ақылы. Қызығы бұл жерден табылған талай жәдігер әлгі апатты музейдің ішіне тұруы тиіс. Бірақ 2015 жылы бірнеше ай ғана істеп, кейін есігі қайта жабылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу