Таразда 10 жасар бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті

543

Екі кештің ортасында Тараз қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шалған әйел үйінің жанында белгісіз адам күйеуіне пышақ жарақатын салғанын хабарлаған.

Таразда 10 жасар бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті Фото: Жамбыл облысы полиция басқармасы

Жедел әрекет етудің арқасында жараланған ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Артынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қылмыстың мән-жайын анықтау барысында жақын жерде ойнап жүрген 10 жасар бала қылмыстың кездейсоқ куәгері болғанын білген.

Бір қуаныштысы, ойын баласы болса да ол бәрін есіне сақтап қалған екен.

Осылайша, 10 жасар бала полицейлерге күдіктінің киімі, келбеті, қайда қашқаны туралы маңызды ақпаратты айтқан. Оқушының қырағылығының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Полиция қызметкерлеріне ауыр қылмысты ашуға көмектескен 10 жасар баланың бұл ерлігі елеусіз қалмады.

Тараз қаласы Полиция басқармасының басшылығымен оқушыға ауыр қылмысты ашуға көмектескені үшін алғыс хат табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу