Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен

542

Жасөспірімнің әкесі жауапкершілікке тартылды.

Таразда 12 жастағы бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен Фото: видеодан скриншот

Тараз қаласында кәмелетке толмаған бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жасы кәмелетке толмаған баланың Subaru көлік құралын басқарған бейнежазба анықталды. 

"Автокөлік иесі анықталды. Көлік иесінің сөзінше, баласы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Ол әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазба туралы білмеген. ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу