Таразда 13 жастағы қызды 2 ер адам ұрламақ болған

198

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Таразда 13 жастағы қызды 2 ер адам ұрламақ болған Фото: Бейнежазбадан

Таразда автобус аялдамасында тұрған мектеп оқушысын ұрламақ болған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеодан аялдама алдына тоқтаған көліктен екі ер адамның шыққаны бейнеленген. Олар 13 жастағы қызды күшпен көлікке отырғызбақ болады. Кейін басқа бір ер адам қызға араша түседі. Осылайша күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалады.

Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиға бойынша екі ер адам қолға түскенін хабарлады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу