Таразда 1300 орындық Салтанат сарайының құрылысы басталды

299

Жаңа мәдени нысанның құны 18,5 млрд теңгені құрайды.  

Таразда 1300 орындық Салтанат сарайының құрылысы басталды Фото: gov.kz

Таразда 1300 көрерменге арналған жаңа Салтанат сарайының құрылысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заманауи мәдени нысан "Балауса" шағын ауданында бой көтереді.

Жобаның құны 18,5 млрд теңгені құрайды. Нысанға 5 гектар жер бөлінген, ал негізгі ғимараттың аумағы 13 мың шаршы метр болады.

Кешенде 1300 орындық көрермен залы, заманауи сахна, баспасөз орталығы, конференц-залдар, өнер үйірмелеріне арналған бөлмелер және басқа да мәдени-танымдық кеңістіктер қарастырылған. Ғимарат заманауи жарық пен дыбыс жүйелерімен жабдықталады.

Салтанат сарайында концерттер, театр қойылымдары, шығармашылық кештер, сондай-ақ республикалық және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған. Нысан балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға да мүмкіндік береді.

Салтанат сарайын 2028 жылғы наурызда пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда Тараздағы ең ірі концерт залы 951 көрерменге арналған. Ол 1980 жылы салынып, 2017 жылы қайта жаңғыртылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу