Таразда жасөспірім қыз 54 жастағы өгей әкесінен бала туды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция бұл дерек бойынша тергеуді бастады. Кәмелетке толмаған қыздың қыздың өгей әкесі күдікті деп танылды.
Ер адам оқиғаға қатысын жоққа шығаруға тырысқанымен, әртүрлі зертханаларда жүргізілген екі тәуелсіз ДНҚ сараптамасы баланың әкесі екенін ол екенін растап отыр.
"Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қыздың 54 жастағы өгей әкесі анықталып, ұсталды. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажет сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.
Күдікті қамауға алынды.