Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев "Тараз" индустриялық аймағында "Жамбылполимер" ЖШС-ның көбіктендірілген полистиролдан тамақ өнімдеріне арналған қаптама өндіру жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жобаның құны – 400 млн теңге. Кәсіпорын жылына 70 млн данаға дейін 8 түрлі өнім өндіре алады. Олардың қатарында ланч-бокс, тауық етіне арналған науа, ламинатқа арналған төсем және басқа да өнімдер бар.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 20-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.
Қазіргі уақытта өндіріс нысаны іске қосу кезеңінде. Жабдықтар орнатылып, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары аяқталған. Қазір алғашқы тапсырыстарды қабылдау, әлеуетті тұтынушылармен келіссөз жүргізу, мамандарды жұмысқа қабылдау және оқыту жұмыстары қатар атқарылып жатыр.
Өңір басшысы өндірісті толық қуатқа шығарып, тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту қажеттігін атап өтті.
Компания өкілінің айтуынша, жобаны іске асыруға мемлекеттік қолдау шаралары оң ықпал еткен. "Тараз" индустриялық аймағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
– Жобаны іске асыратын ғимараттың құрылысын салуға кемінде 10 жыл уақыт кетеді. Индустриялық аймақ өте тиімді. Мұнда қажетті инфрақұрылым бар. Тек қондырғылар мен жабдықтарды жеткізіп, жұмысты жүргізсең болды, – "Жамбылполимер" ЖШС-ның негізін қалаушы Абзал Мырзатайұлы