Жамбыл облысында полицейлер Тараз қаласының аумағында есірткі заттарын өткізетін арнаны жойды. 58 жастағы әйелден аса ірі көлемде есірткі тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде барлығы 19 келі 335 гр гашиш және 22 келі кептірілген марихуана тәркіленді.
"Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел есірткіні туған ауылы – Меркі ауданынан әкелген. Ол өзімен бірге тұратын туыстарын да есірткіге тәуелді еткісі келгенін мойындады", – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу