Жамбыл облысында коронавирус дертін жұқтырған жаңа жағдайға қатысты мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Науқас Тараз қаласының 69 жастағы тұрғыны. Ол ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ауру адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған. Бұған дейін вирус анықталған 41 жастағы азамат оның жақын туысы", – деп жазылған ведомство хабарламасында.
Одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, қажетті емдеу шаралары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу