Таразда 80 отбасы баспаналы болды

872

Таразда 80 отбасы баспаналы болды

Тараз қаласындағы "Қарасу" шағын ауданында 80 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары қуанышқа бөленген пәтер иелерін құттықтап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында 800,0 мыңға жуық жамбылдықтар пәтерге ие болғандығын жеткізді.
"Құрметті достар, Жамбыл облысында Тәуелсіздігіміздің 25 жылында 4,9 млн тұрғын алаңдары пайдалануға беріліп, барлығы 800 мыңға жуық жамбылдықтар пәтерге ие болған. Оның ішінде, "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2017 жылдары Тараз қаласындағы "Арай" алқабында жоспар бойынша 19 үйдін жобасы бекітіліп, құны 8,57 млрд теңгеге 1245 пәтерлі немесе жалпы ауданы 85,5 мың шаршы метр болатын 15 үйді пайдалануға бердік. Үстіміздегі жылғы 319,6 мың шаршы метртұрғын үй салу жоспарын толығымен орындадық. Облыста 2017 жылдан бастап мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасы іске асырыла бастады. Бағдарлама аясында2017 жылға Республиқалық бюджеттен 1,56 млрд теңге бөлініп, ауданы 17,7 мың шаршы метр немесе 258 пәтерлі 4 үйдің құрылысы басталған, оның 11,9 шаршы метрі немесе 178 пәтерлі 3 үй үстіміздегі жылы пайдалануға берілуде, соның қатарында, бүгін өздеріңіз ие болатын Қарасу мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі үй", — деді Ғалымжан Райылұлы.
Айта кетерлігі, "Қарасу" шағын ауданында 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын. Пәтерлердің жалпы алаңы 4205,6 м2 құраса, тендерлік құны 585,401 млн тенгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу