Таразда 80 отбасы пәтерлі болды

679

Пайдалануға берілген көпқабатты үйдің 3 подъезі ақпан айында болған жарылыстан үйсіз қалған 20 отбасыға уақытша берілген.

Таразда 80 отбасы пәтерлі болды

Көпқабатты тұрғын үйдің 80 пәтері кезекте тұрған азаматтарға берілді. Баспаналы болғандардың қатарында соғыс ардагерлері, жетім балалар, көпбалалы аналар және бюджеттік мекеме қызметкерлері бар, деп хабарлайды 24.kz. 

Айта кету керек, бұл үйдің 3 подъезі ақпан айында болған жарылыс кезінде үйсіз қалған 20 отбасыға уақытша берілген болатын. Қазір олар үйлерін қалыпқа келтіргенге дейін уақытша тұрып жатыр. 

Жалпы биыл өңірде 2 мыңнан астам адам баспанамен қамтылады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу