Таразда 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

2174

Жалпы, бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 18565 адам тұр, оның ішінде 1784 көпбалалы отбасы, 8593 әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар.  

Таразда 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Көппәтерлі арендалық тұрғын үй талай жылдан бері үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пәтерге ие болғандар үйді сатып алу құқығынсыз жалдап тұра алады. Аталған нысанның құрылысын "Бином" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Пәтер кілттерін табыстау салтанатына Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев қатысты.

Айта кетейік, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аталған шағын ауданда барлығы 280 көппәтерлі және 969 жеке тұрғын үй салу жоспарланған. Осыған дейін онда 26 тұрғын үй немесе 1300 пәтер халық игілігіне берілсе, ағымдағы жылы 29 үйдің құрылысы жүргізіледідеп жоспарлануда.

Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға арналған "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша былтырғы жылы 323 пәтер берілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млрд 360 млн теңгеге қайталама нарықтан 144 пәтер сатып алынды.

Ол ғана емес, облыс бойынша баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін 8 көппәтерлі жатақхана пайдалануға берілсе, 4 жатқхананың құрылысы жүргізілуде. Ол жатақханалардың ішкі құрылысы екі бөлмелі пәтерлерден тұрады. Бір пәтердің жалпы ауданы 35-40 шаршы метрді құрайды. Әр пәтерде зал және жатын бөлмелер, сондай-ақ, өз ас үйі, әжетханасы мен жуынатын (санузел) бөлмесі бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу