Тараздық әжей зейнетақысын ауланы абаттандыруға жұмсап жүр

1005

Тараздық әжей зейнетақысын ауланы абаттандыруға жұмсап жүр

Тараз қаласында құрметті еңбек демалысына шыққан әжей зейнетақысын өзі тұрып жатқан мөлтекауданның ауласын абаттандырып, оны көркейтуге жұмсап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

86 жасқа келген Жамал әжей 41 жылдан астам уақыт Тараз қаласындағы шағынауданның бірінде тұрып келеді. Оны осы ауданның барлық тұрғыны таниды, сыйлап, құрметтейді. Қарт әжей зейнетақысына өзі тұратын тұрғын үйдің алдына кішігірім демалыс аймағын жасатып, көздің жауын алар гүлдер отырғызған. Одан бөлек балаларға теннис үстелін де орнатып берген. Әжей мұнымен де тоқтап қалмақ емес. 

"Алдағы уақытта іске асыратын жоспарларым көп. Соның бәрі осы ауланы абаттандырумен байланысты", - дейді ол.

Жамал әжей 8 баланың анасы. 24 немере мен 18 шөбере сүйіп отыр. 40 жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, білім беру саласында қызмет еткен. Ұстаз деген ұлық есімді арқалап жүрген әжеміз зейнетке шыққан уақыттан бастап, осы ауланың тыныштығы мен тазалығына бас-көз болып жүр.

Сондай-ақ үнемі жастарға ақыл-кеңесін айтып, ақ тілеген жеткізіп отырады. Сондықтан да, осы  үйдің тұрғындары Жамал апаны қазыналы қариямыз деп санайды. Айтпақшы, күзге таман Жамал әже ауласына шырша ағаштарын отырғызып, балақайларға ойын алаңшасын істетуді көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу