Таразда анасы 2 баласын 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберген

458

Тергеу амалдары басталды. 

Таразда анасы 2 баласын 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберген Фото: Жасанды интеллект негізінде жасалған

Таразда әйел 2021 жылы туған қызы мен 2023 жылғы ұлын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Балалар ауруханада жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға Тараздағы Төле би даңғылы бойында орналасқан жатақханалардың бірінде болған. Желіде 36 жастағы әйел екі баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады.

Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Бүгінгі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі балалардың жағдайы туралы мәлімет берді.

"2021 жылы туған бала жабық бас-ми жарақаты, мидың қатты ісінуі, жамбас сүйегінің жабық сынығы диагнозымен түсті. Бас ми, кеуде қуысы және жамбас сүйектерінің компьютерлік томографиясы, лапароцентез жасалды. Мидің ісінуі азайтуға бағытталған терапия жүргізілді. Ертең жамбас бөлігіне ота жасалады. 2023 жылы туған бала да жабық бас-ми жарақаты, мидың қатты ісінуі диагнозымен түсті. Бас ми, кеуде қуысы және жамбас сүйектерінің компьютерлік томографиясы, лапароцентез жасалды. Мидың ісінуін азайтуға бағытталған терапия жүргізілді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу