Таразда әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

180

Шаһардағы жылу жүйесіне қосылған 1 345 көппәтерлі тұрғын үйлерлер де толығымен жылыту маусымына дайын.    

Таразда әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады Фото: inbusiness.kz

Бүгін қаладағы мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханаларға жылу беріле бастады. Таразда бүгін, 7 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беру жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһардағы тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету қала әкімінің қаулысына сәйкес, 15 қазанға бекітілген.

"Ескеретін жайт, жалпы жылыту маусымы ауа райын назарға ала отырып, бес күн мерзім аралығында сегіз градус немесе одан төмен болатын болса, тиісті заңнамаға (ҚР Құрылыс нормасы 02.04.2021-2004 ) байланысты басталады", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу