Таразда антибиотикті арнайы рецептісіз сатқан дәріханашыға айыппұл салынды

1018

Аталған олқылық "СК-Фармация – Адалдық алаңы" жобасы барысында анықталған. 

Таразда антибиотикті арнайы рецептісіз сатқан дәріханашыға айыппұл салынды

Тараз қаласында орналасқан дәріханада антибиотикті дәрігердің арнайы рецептісіз сатқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған олқылық "СК-Фармация – Адалдық алаңы" жобасы барысында анықталған. Жоба аясында "Құпия сатып алушы" әдісімен Тараз қаласында орналасқан бірқатар дәріханаларға мониторинг жүргізіліпті.

Мониторинг кезінде "Жасұлан және К" дәріханасында "Цефтриаксон" антибиотиктері дәрігердің арнайы рецептісіз сатылғаны анықталды. Бұл туралы "Жамбыл – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі хабарлады. "Аталған мәселе бойынша тиісті шара қолдану үшін Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне айғақ құжаттар мен арыз жазылды.

Нәтижесінде "Жасұлан және К" дәріханасының қызметкері М. атты азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 810, 811 баптарына сәйкес 92 785 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл ағымдағы жылдың 10 наурыз күні толығымен төленді" делінген хабарламада. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетіндігі айтылған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу