Таразда арнайы операция: "Чели апай" ұсталды

371

Таразда аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен "Чели апай" деген бүркеншік атпен қала тұрғыны ұсталды.  

Таразда арнайы операция: "Чели апай" ұсталды Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер алты ай бойы героин тобындағы есірткі өткізудің ірі арнасын анықтау және жою бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізді. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісті сұр-қоңыр түсті заты бар екі сіріңке қорабы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат жалпы салмағы 5,45 грамм – шамамен 60 доза героин есірткісі болып шықты.

Арнайы операция нәтижесінде ұсталған әйел – “Чели апай” бүркеншік атымен бұрын героин сатқаны үшін бірнеше рет сотты болған. Ол құрықтау кезінде осындай қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын соңына дейін өтеп үлгермеген.

Атап өту керек, осыдан бір жыл бұрын жедел уәкілдер оның 41 жастағы қызын есірткі саудасы саласындағы қылмыстары үшін “Мака” бүркеншік атымен құрықтаған.

"63 жастағы тұрғын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына, қызы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқанына қарамастан, заңсыз жолмен алынған табыстан бас тартпаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір уақытта есірткі жеткізу арнасын анықтау бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу