Таразда ашылған "Данқ залына" 1,5 мыңнан аса фотосурет қойылды

1038

"Данқ" залының бірінші қабаты  соғыс жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы.

Таразда ашылған "Данқ залына" 1,5 мыңнан аса фотосурет қойылды

Таразда Жеңіс мерекесіне орай "Данқ залы"  ашылды. Ерекше нысанға Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы көріністерді бейнелейтін барлығы 1 миллион 500 мыңнан астам фотосурет  топтастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Данқ" залының құрылысы шаһардағы "Жеңіс" саябағының өткен жылы басталған жаңғырту жұмыстарының жалғасы болып табылады. Жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайтын зал екі қабаттан тұрады. Жоба құны 546 миллион 769 мың теңгені құрайды.   

Нысанның лентасын қию рәсіміне даңқты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор,  Мекемтас Мырзахметұлы, майдангер Тілеуқабыл Төребеков қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу