Таразда ата-аналар балабақшаға жолдама ала алмай жүр

528

Балабақшаға жолдама алу ЖОО-на түсумен тең.

Таразда ата-аналар балабақшаға жолдама ала алмай жүр Фото: inbusiness.kz

Тараздық 400-ге жуық ата-ана бір жапырақ қағаз алу үшін жанталасып, мекеме алдында сабылуға мәжбүр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Көпшілік тіпті таңғы 4-5-тен кезекке тұрған. Ел "5G" енген тұста кезек тосып, табанынан таусылғанына күйінеді. Өйткені бәріне себеп - электронды портал екен.

Ата-аналар бөбекжайға қажет жолдаманы ала алмай әлек. Таңнан бері қалалық білім бөлімінің кіреберісінде кептеліс.

"Күні бойы осында тұрмыз. Таңнан бері. Кезек ұстай алмай тұрмыз. Мен 2 жыл бойы кезекке қол жеткізе алмай келемін. Былтыр жыл бойы жүгірдім. Орын жоқ! Неге бәрін электронды қылмайды?", - дейді қала тұрғыны Анна Сычова.

Бұқара электронды кезек деген аты ғана,- дейді. Өйткені онлайн арқылы тіркеу жеңіл болғанымен, жолдаманы алу қағаз жүзінде екен. Сондықтан есік қағып, сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Ал үйтіп-бүйтіп жолдаманы әрең аларыңда артынан орын жоқ,- деп күйдіреді екен.  

Жұрт үшін бұл жыл сайынғы құбылыс. Мемлекеттік балабақша болмаса, жекеге барып, қалта қақпақ. Қазір қалада мемлекеттік типтегі 45 балабақша бар. Тұрғындар мекемеде орын бар-жоғын айтуда ашықтық жоғын айтады. Ал қалалық білім бөлімі орын тапшылығы барын жасырмады. Бұған әуелгі себеп ел санының еселенуі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу