Тараз қаласы білім бөлімінің мәліметіне сәйкес, мұндай шешім салалық министрлік бұйрығын және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ескерту хатын негізге ала отырып, қолайсыз ауа райы жағдайында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында қабылданған.
"2022 жылдың 15 қарашасы күні бөбекжай бақшалар үшін оқу-тәрбие процесі және жалпы орта білім беретін мекемелердің 1-2-ауысымдары үшін сабақ тоқтатылады", - делінген хабарландыруда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу