Таразда Әулиеатаның алып ескерткіші ашылады

1627

Қазіргі таңда ескерткіштің тұғыртасы қалануда. Құрлыс басында 80 жұмысшы, 8 техника жұмыс істеп жатыр.   

Таразда Әулиеатаның алып ескерткіші ашылады

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, тұғыртастың биіктігі – 8 метр, ескерткіштің биіктігі – 13 метр болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ескерткіш биік қырдың басында орналасқан. Қырдың етегіндегі кіре берісінде арка, арнайы тамашалау алаңы, ескерткішке көтерілетін баспалдақ орналасқан. Жанында Талас өзені ағып жатыр. Өзеннің үстіндегі көпірдің екі жағында биіктігі 4 метр болатын екі арыстанның мүсіні, баспалдақ бойымен Қарлұқ қағанаты кезінен араб экспансиясына дейінгі қалалар бейнеленетін инсталяция орнатылмақ. 
Айта кетейік, ескерткіш "Тектұрмас" жобасының бірінші кезеңі бойынша бой көтеруде. Жобаның екінші кезеңінде ескерткіштің сол жақ бөлігіндегі алаңда Атлах шайқасы мен Аңырақай шайқасын бейнелейтін қабырға орнатылады. Сондай-ақ, ескерткіштің айналасына басқа да жобалар жоспарланған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу