Таразда аутизмі бар балаларды қолдау орталығы ашылады

564

Облыстық онкологиялық орталықтың ескі ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа орталық осы ғимараттың базасында ашылмақ.

Таразда аутизмі бар балаларды қолдау орталығы ашылады Фото: gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік-медициналық және қосымша білім беру нысандарын аралады, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен өңір басшысы "Ана мен бала" орталығының жұмысымен танысты. Мұнда неврология, травматология, ортопедия, кардиология, пульмонология бөлімшері бар.

Бұдан басқа Нұржан Нұржігітов облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу, көпбейінді хирургия және онкология,  арнаулы  әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталықтарын да аралады. Сондай-ақ мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықтың да жай-күйімен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу