Таразда автобус өртенді

271

Таразда жолаушылар автобусы отқа оранды.  

Таразда автобус өртенді Фото: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін сағат 17:43-те Жамбыл облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының телефонына Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесінің бойында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Ауыл-Береке" базары маңында орын алған оқиға орнына 16 адам жеке құрам және 4 техника жұмылдырылып, өрт 18:00-де ауыздықталып, 18:06-да жойылған.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Қазір арнайы мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу