3 мамыр күні Таразда "Газель-32214" маркалы жедел жәрдем көлігі мен "DONG FENG" маркалы жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соққының салдарынан жедел жәрдем бір жақ қапталына аударылып қалған.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша,
ЖКО нәтижесінде автобустың бір жолаушысы мен жедел жәрдемдегі үш адам жарақат алған. Жарақат алғандарға медициналық қызмет көрсетілген.
Аталған дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды.
Видео Руслан Әбдіманаповтың парақшасынан алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу