ПБ-ның Жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде тұратын 34 жастағы азамат түнгі мезгілде аулада тұрған Toyota Сamrу автокөлігінің ұрланғандығы туралы хабарлаған.
Ол өз көлігін сату үшін жарнама сайтына шығарғандығын және бірнеше ер азаматтың келіп көргендігін айтқан.
Шығын көлемі - 16 млн теңге.
27 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны анықталды. Ол көлікті тексеру кезінде арнайы техниканың көмегімен өзімен бірге алып келген кілтті автокөлікке орнатып үлгерген. Түнде келіп сол кілтпен көлікті ашып, Түркістан облысына айдап кеткен.
Полиция қызметкерлерімен автокөлік Арыс қаласындағы жалға алынған үйлердің ауласынан табылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.