Таразда автомобиль аялдамаға соғылып, 2 адам көз жұмды

1102

Апаттан тағы 2 адам зардап шеккен.

Таразда автомобиль аялдамаға соғылып, 2 адам көз жұмды

 

Таразда Hyundai көлігі аялдамаға соғылып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Көлік апаты салдарынан 2 адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы 2 адам Тараздағы №1 ауруханаға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Полицейлер 23 жастағы жүргізушіні ұстады. Ол Тараз қаласының тұрғыны. Бүгінде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу