Таразда жеңіл көлік пойыз бен автобустың ортасында қалып қойды

162

Ірі жол-көлік апатынан қаза тапқандар жоқ, десе де автокөліктің жүргізушісі мен жолаушы жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Таразда жеңіл көлік пойыз бен автобустың ортасында қалып қойды Фото: видеодан алынған скрин

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамырда Бурыл станциясы кірме жолының (Тараз-Жаңатас учаскесі) жеке теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Mercedes маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі өткелден өту ережесін бұзған. Салдарынан жүк пойызының вагондарына және маршруттық автобусқа соқтығысқан. 

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасынан мерт болғандар жоқ. Алайда екі адам – 57 жастағы көлік жүргізушісі мен 13 жастағы жолаушыға медициналық көмек қажет болды.

Ауруханаға жеткізілген 2 адамға "мидың шайқалуы" диагнозы қойылыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу