Таразда балалар ауруханасынан өрт шықты

120

42 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Таразда балалар ауруханасынан өрт шықты Фото: видеодан алынған кадр

Тараз қаласында олыстық балалар ауруханасының жертөлесінде компьютерлік томография аппараты өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дереу оқиға орнына жетіп, қауіпсіздік шараларын қабылдады. Түтін жайылған аймақтан барлығы 42 адам, оның ішінде 30 бала қауіпсіз жерге көшірілді. 

"Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда",  делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу