Таразда балмұздақ шығарылады

672

Жоба құны 800 миллион теңгені құрайды. Қуаттылығы тәулігіне 8 тоннаға шақталған. 

Таразда балмұздақ шығарылады

"Империя" ЖК балмұздақ шығаратын цехының құрылысы аяқталуға таяу. Мұнда балмұздақтың 30 түрін шығару жоспарлануда. Олар сүтті жақын маңдағы шаруалардан алуға ниетті. Серіктестіктің басқарушы директоры Рахат Әшімовтің айтуынша, кәсіпорында жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев цехта болып, технологиялық желімен танысты. Бас директор Патохберди Талипов цех іске қосуға дайын, инфрақұрылымды жүргізу мәселелерін шешу қажет екенін айтты. Өңір басшысы оған жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендіріп, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тиісті тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, қазір "Империя" ЖК шұжықтар мен кондитерлік өнімдерді сақтаумен және тасымалдаумен айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу