Таразда биыл 100 қоғамдық көлік жаңартылады

1204

Қаладағы барлық 670 автобустың 213-інің тозығы жеткенін, пайдалану мерзімдері 7 жылдан асқандығын жеткізді.

Таразда биыл 100 қоғамдық көлік жаңартылады

Таразда қалалық бағыттар бойынша автобустарды жаңалау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылы қала автопарктері 71 бірлік немесе 15 пайызға жаңа автобустармен қамтылған болса, биылғы жылдың соңына дейін 100 автобуспен немесе 21 пайызға жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков айтып берді. Сондай-ақ ол қаладағы барлық 670 автобустың 213-інің тозығы жеткенін, пайдалану мерзімдері 7 жылдан асқандығын жеткізді.

Басқарма басшысы қоғамдық көлікпен қамтылмаған елдімекендерге автобус қатынасы ұйымдастырылып жатқанын да тілге тиек етті.

"Ауданаралық автобус маршруттарына оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, бірін-бірі қайталайтын бағыттар саны қысқартылып, оның орнына қоғамдық көлікпен қамтылмаған елді мекендерге автобус қатынасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде 84 ауданаралық бағыттан 72 нақты қажетті бағыттар қалды", – деді Бақытжан Жәнібеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу