Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның 300-ден астам спортшысы Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған халықаралық бокс турниріне қатысу үшін Таразға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"№6 облыстық бокс мектебі" спорт кешеніндегі бұл жарыс 15 салмақ дәрежесі бойынша - 42 келіден 80 келіге дейінгі аралықта өтіп жатыр. Ширек финалға көптеген қазақстандық спортшылар, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанның бірнеше боксшысы өтті.
"Біз турнирді жоғары деңгейде өткізуге барымызды салдық, - деді Тараз бокс мектебінің бас бапкері Мұрат Жарымбеков.
"Келген командалардың құрамы өте жақсы, көруге тұрарлық ойын көрсетуде. Ресей мен Өзбекстаннан келген спортшылардың дайындығы өте жоғары", - дейді Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Талғат Әліпбек. Оның айтуынша, отандық бокстың алдында республиканың резервтік командасын анықтау міндеті тұр.