Таразда бос орындар жәрмеңкесі өтті

1201

Таразда бос орындар жәрмеңкесі өтті

Тараз қаласындағы білім беру мекемелеріне 300-ге жуық педагог жетіспейді. Ал екі қолға бір күрек іздеген жандардың көпшілігі бұл туралы біле бермейді. Осыған орай шаһарда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Игі бастамаға қатысқан 76 жұмыс беруші 380 бос жұмыс орнын ұсынған. Оның 288-і педагогикалық, ал 100-ге жуығы техникалық мамандықтар.

Ал жұмыс іздеп келушілердің саны 1000-ға жетті. 

"Қазіргі таңда 60 мектептің барлығының түгел дерлік өтініштері түсті, бос орындар бойынша, сосын жаңағы балабақшаларымыздан түсіп жатыр. Біздің қаламыз бойынша математика, орыс тілі мамандары тапшы болып тұр. Және бастауыш сынып мұғалімдері тапшы болып жатыр. Осыған байланысты біз бүгінгі жәрмеңкеде олардың барлықтарын шығарып отырмыз", - дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Елдос Кеңесбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу