Тараздағы саябақтардың бірінде өлтірілген азамат бұрынғы полиция қызметкері болып шықты. Оны сол жерден өтіп бара жатқан әйел адам байқаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде "маньяк" деп айдар тағылып, халықты дүрліктірген күдікті ұсталды.
Осыдан кейін жергілікті пабликтерде басқа да азаптап өлтірілген адамдардың мүрделері бейнеленген видеолар тарап, құрбандығын балға мен балтаның көмегімен өлтіретін қанқұйлы адамның пайда болғаны туралы қауесет тараған еді. Ақыры полиция жөн-жосықсыз тарап жатқан мәліметтерді теріске шығарып, ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болған.
Бүкіл облысты дүрліктірген күдікті оқиғадан бір күн өткенде қолға түскені хабарланды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамаулы, тергеушілердің сұрағына жауап беріп жатыр.