Таразда дәмханалардың бірінде ер адам тамаққа қақалып, қайтыс болды

523

Ол жедел жәрдем келгенше көз жұмған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таразда дәмханалардың бірінде ер адам тамаққа қақалып, қайтыс болды Фото: akzent.zp.uа

Оқиға "Мамед" қоғамдық тамақтану орнында болған. Кафе қызметкерлері мен оның досы ер адамға алғашқы көмек көрсетпек болған.

Жамбыл облыстық жедел жәрдем стансасының желідегі диспетчері қоңырау шалушыларға реанимациялық шараларды қалай жасау керегін кезең-кезеңімен айтып отырған. Дегенмен адамды аман алып қалу мүмкін болмады.

"2024 жылдың 30 маусымында сағат 21:13-те Ташкентская, 164, "У Мамед" кафесі мекенжайы бойынша "103пультіне қоңырау түсті. Шақыруға ентігу және көмейге бөгде заттың тұрып қалуы себеп болған. Досы қоңырау шалды. Қоңырауға кідіріссіз қызмет көрсетілді. Келгеннен кейін бірінші мамандандырылған топ жедел жәрдем келгенге дейін биологиялық өлімді анықтады. Мәйіт оқиға орнында қалдырылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды", – дейді Жедел медициналық қызмет көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Күлзахира Қызғараева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу