"Багул" ЖШС Жамбыл облысының Тараз қаласындағы дәнекерлеу электродтарын өндіру қуатын кеңейту жобасына 585,5 млн теңге қаражат салды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".
Зауыттың жылдық қуаты 1,5 мың тоннадан 2 мың тонна өнімге дейін арттырылды.
Өндіріс орнында 45 жаңа жұмыс орны ашылды.
Дәнекерлеу электродтарын шығаратын зауыт 2015 жылы іске қосылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу